Қазақстан чемпионатында алматылық волейболшылар ғана жеңіліссіз келе жатыр


Бұл турда алматылықтар ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар бүгін ақтық ойынын Оралдың "Конденсатымен" өткізуде. Бұған дейін олар "Атырау" мен "Есілді" (Қызылжар) 3:0, "ТНК Қазхромды" (Хромтау) 3:2, "Шығыс-ҚорғасынҚұрылысты" (Өскемен) 3:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Жалпы ел чемпионатының 19-24 желтоқсанда Хромтауда өткен алғашқы турында алматылықтар барлық кездесуді өз пайдасына шешіп, 10 ұпаймен бірінші орын алған болатын. Ал оралдықтар онда 6 ұпаймен 5-орынды қанағат тұтты. Сондықтан "Алматы" волейболшыларының 2-турды да жеңіліссіз аяқтауға толық мүмкіндігі бар.