Қазақстан Coursera білім беру рейтингінде 31 орынды иеленді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, Қазақстан жалпы әлемдік есепте 31-орынды иеленген. Баяндамада Қазақстанда білім алушылар технологиялық дағдылар бойынша жетістікке жетіп жатқаны, Technology көрсеткіші 96% құрайтыны атап өтілген.

«Рейтинг құраушылар келесі білім санаттарын қарастырады:

Business – менеджмент, коммуникация, қаржы және бухгалтерлік есеп сияқты бизнесті басқаруға қатысты дағдылар;

Technology – ІТ-жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы құру, қолдау және масштабтау үшін қажетті дағдылар;

Data Science – шешімдер қабылдау үшін немесе әзірленіп жатқан өнімдер мен қызметтерде компаниялар жасаған білімді жинау және пайдалану дағдылары.


2023 жылы зерттеу базасын әлемнің 100 елінен 124 млн студент құрады», - деп жазды министр.

Бұл рейтингтегі позицияны арттыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің 25 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларында 600-ден астам курстарды енгізу арқылы цифрлық экономика үшін 20 000 студент пен оқытушыны даярлау жөніндегі бастамасы ықпал етуде.