100 процент Қазақстан Даму банкінің қатысуымен "Қазақстан даму банкі -Лизинг" АҚ атты еншілес компания құру туралы шешімді мемлекеттік банк директорларының кеңесі 8-тамызда қабылдады.
"ҚДБ-Лизинг" АҚ-ның жарғылық капиталы құрылтайшылардың 971 дана қарапайым акцияларды сатуы негізінде 48,55 млн. теңге көлемінде қалыптасады. Компанияның сатуға жариялаған қарапайым акцияларының жалпы саны 130 мың дананы құрайды. Олардың әрбіреуі 50 мың теңгеге бағаланған.