Қазақстан даму банкі капитал мөлшерін жылдың аяғына дейін 5 млрд. теңгеге өсірмекші

"Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның директорлары кеңесі өз акционерлері - жергілікті атқарушы мекемелерге "Қазақстан президентінің халыққа арнаған жолдауына сәйкес" капитал мөлшерін жылдың аяғына дейін 5 млрд. теңгеге арттыруға шара қолдануға нұсқау берді,- делінген банк акционерлерінің кезектен тыс жиналысының хаттамасында.

2005-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен банк активтері 121,1 млрд. теңгені, жеке капиталы 66,7 млрд. теңгені, соның ішінде жарғылық капиталы 58,4 млрд. теңгені құрады.