Оның айтуынша, әңгіме Ресейдің Калуга және Нижний Новгород өңірлерінде жүзеге асырылатын 2-3 жоба турасында болып отыр. Қазір қарастырылып жатқан бұл жобалар 200-250 млн. доллар көлемінде қаржы құюды талап етеді, деді Қ.Шалғымбаев.
Қазақстан даму банкінің президенті биыл мемлекет басшысы банктің алдына шетелдік рынокқа шығу туралы мақсат қойғанын еске салды. Қ.Шалғымбаевтың айтуынша, қазір Қазақстан даму банкі шетелдік нарыққа шығу жөніндегі тұжырымдаманың жобасын жасады. Үкімет оны таяу уақыттарда бекітуі тиіс. "Бұл тұжырымдамада отандық өнеркәсіптік капиталдың көршілес Ресей, ҚХР және Орталық Азия елдері рыногына шығу жолдары қарастырылады",- деді Қ.Шалғымбаев. Оның айтуына қарағанда, тұжырымдамаға сәйкес, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытындағы бірлескен кәсіпорындар мен әйнек өндірістерін құру көзделген.