Қазақстан Дэвис Кубогының жартылай финалына өте алмады


Шешуші кездесуде Роджер Федерер үш сетте Андрей Голубевтің қарсылығын тойтарды - 7:6, 6:2, 6:3.

Еске сала кетейік, әуелде Андрей Голубев Станислас Вавринканы, ал Роджер Федерер Михаил Кукушкинді жеңген болатын. Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Федерер мен Вавринкадан күштірек болып шықты. Бүгін Вагринка Кукушкинмен жекпе-жекте есепті теңестіріп кеткен болатын.