Қазақстан делегациясы Әбу-Дабиде өтетін Болашақ энергиясы дүниежүзілік саммитіне қатысады


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, саммитке 100-ден астам елдің өкілі қатысатын болады. «Қазақстанның саммитке қатысудағы басты мақсаты - бұл Қазақстанның «жасыл» экономика көшуін және «Болашақ энергиясы» тақырыбында Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты межелерін паш ету», - деді ол.