Қазақстан делегациясы Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысады - СІМ

"Парижде 12-маусымда Ауғанстанды қолдау жөніндегі халықаралық конференция өтеді, оған ҚР сыртқы істер вице-министрі Қайрат Сарыбай басқарған Қазақстан делегациясы қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Оның айтуынша, "әлемнің 60 елі мен халықаралық 17 ұйымнан келген конференцияға қатысушылар донор елдер тарапынан алдағы бес жылда Ауғанстанға көрсетілетін халықаралық көмекті үйлестіру мәселелерін талқыламақшы". "Конференцияда Қазақстан өкілі баяндама жасап, еліміздің Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі көзқарасы мен ұстанымдары жайлы таныстырады", -деді Е. Ашықбаев.

Қазір Қазақстан үкіметі 2007 - 2008 жылдарға арналған Ауғанстанға қолдау көрсету жоспарын жүзеге асыруда, онда түрлі салалардағы шаралар қарастырылған, сондай-ақ, Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жаңа жоспардың жобасын жасауда.