Қазақстан делегациясы Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің жоғары дәрежелі зерттеушілері тобының жиналысына қатысады

"Қазақстан үшін бұл шараның маңызы аса зор, өйткені, Азия ынтымақтастық диалогына қатысушы елдердің 7-ші министрлер кездесуі 2008-жылғы күзде Қазақстанда өтеді деп межеленген, бұдан кейін 2008 - 2009 жылдар аралығында осы ұйымға төрағалық жасау құзыреті елімізге ауысады", - деді Е. Ашықбаев.

Ол мұндай шешімнің 2006 жылы сыртқы істер министрлерінің Дохада өткен жыл сайынғы отырысында қабылданғанын еске салды.

Азия ынтымақтастық диалогын құру жөніндегі бастаманы 2002-жылы Таиланд көтерген. Ол Азияның артықшылығын біріктіру үшін Азиядағы ынтымақтастық аясын кеңейту және оны дамыту үшін құрлықтағы ресурстарды жоғары деңгейде пайдалану мақсатын көздейді.