"Бангкокте сәуірдің 28 мен 30 аралығында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 64-ші сессиясы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Дәненов басқарған еліміздің өкілдері қатысады", - деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сессия барысында Н. Даненов "министрлердің дөңгелек үстелінде "Азия-тынық мұхиты аймағы елдеріндегі мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы"тақырыбында сөз сөйлейді, сондай-ақ, "Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының аймағында мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу" атты арнаулы отырыста сөз алады".
"64- сессия аясында Қазақстан делегациясы атқарушы хатшы Нойлен Хейзермен және комиссияға мүше елдердің делегацияларының басшыларымен жүздесуді жоспарлап отыр", - деді Е. Ашықбаев.