Қазақстан делегациясы Халықаралық мұнай конференциясына қатысуда

"Форум жұмысына 36 мемлекет, 22 трансұлттық мұнай компаниялары мен 7 халықаралық ұйым, атап айтқанда, ОПЕК, Халықаралық энергетика агенттігі, Еуропалық Одақтың Энергетика жөніндегі хатшылығы, Халықаралық валюталық қор өкілдері қатысып отыр", - деп көрсетілген дүйсенбі күні жарияланған сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.