Қазақстан делегациясы шағын және орта бизнестің тәжірибесін зерттеу үшін АҚШ-та болып қайтты

Тікелей Қазақстан делегациясына арналған SBA семинарларында бизнесті несиелендіру, шағын көлемде қаржыландыру, инвестициялық қызмет, шағын және орта бизнестің халықаралық саудаға қатысуы, on-line қызметтер, шағын бизнесті дамыту орталықтары, әйелдердің бизнес-орталықтары секілді кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті тақырыптар таңдалды. Сондай-ақ, жеке инвесторлардың капиталын орналастыруға арналған инвестициялық электронды желі таныстырылды.

SBA 1953 жылдан бері жұмыс істейді және тәуелсіз үкіметтік аненттік болып табылады.