Қазақстан делегациясы "ТҮРКСОЙ" мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің отырысына қатысады

"27-28 мамырда Анкарада түркі тілді елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі - "ТҮРКСОЙ"-дың 24-ші отырысы өтеді, оған Қазақстанның мәдениет және ақпарат вице-министрі Бейбіт Исабаев басқарған делегациясы қатысады", - деді Е. Ашықбаев.

Отырыс аясында ""ТҮРКСОЙ"-ға мүше елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен мәдени шаралар өткізу мәселелерін талқылау жоспарланған".