"Биылғы жылы біз барлық екі жақты келіссөздерді аяқтауды жоспарлап отырмыз, бәрі де ойдағыдай болса, ондай мүмкіндік Қазақстанда бар, онда келесі жылы көп жақты келіссөздерді аяқтайтын боламыз ", -деді Ж. Айтжанова.Ол түсіндіргеніндей, көп жақты келісөздердің аяқталуы ДСҰ мүшелігіне ену деген ұғымды білдіреді.
Оның сөздері бойынша Қазақстан екі жақты келіссөздерді бес мемлекетпен жүргізуі қалды. Олар - АҚШ, Еуропалық Одақ, Австралия, Үндістан және Моңғолия.