Қазақстан ДСҰ-ға кіруде Ресейдің көмегін жоғары бағалайды

деді РИА «Новости» агенттігіне Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДСҰ Бас кеңесінің қорытындысы бойынша.

Қазақстан ресми түрде 2015 жылдың соңында ұйымның 162-ші мүшесі атанбақ.

«Ресей - біздің ірі сауда-экономикалық серіктесіміз. Сондықтан біз  Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша әрекеттерімізді үйлестірдік. Біз әрдайым Ресей тарапынан қолдауды сезіндік, сондықтан бұл ортақ жеңісіміз деп ойлаймын.  Еуразиялық экономикалық одаққа да бұл оң әсерін тигізеді.  Жақын арада Беларусь елі де ДСҰ-ға кіру үрдісін аяқтап, одағымыз бен бұл ірі сауда ұйымы арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің тағы бір көпірі қаланады деп үміттенеміз», - деді ол.

Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан да Ресей сияқты Беларусьтің ДСҰ-ға кіруіне жәрдемдесуге дайын.  «Бізде де, Ресейде де тәжірибе бар. Біз бір экономикалық кеңістіктеміз. Сондықтан біз экономикалық және саяси жағынан Белоруссияның ДСҰ-ға кіруіне мүдделіміз», - деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, ДСҰ-ға кіру - Қазақстан үшін тарихи құбылыс.


«Бұл - экономикалық тұрғыда сапалы өзгеріс. Менің пікірімше, бұл Еуразиялық одақ үшін де сапалы өзгеріс», - деп қосты ол.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Қазір оның құрамында 161 мемлекет пен аумақ бар. Ресей ұйымға 2012 жылы кірген. Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда ДСҰ-ға кіруге өтініш білдірген.