деп мәлімдеді республиканың сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
"Мен Қазақстан да , Беларусь та ДСҰ-ға өтуге ұмтылыстарын жалғастыра беретінін атап өткім келеді ", - деді ол Еуразиялықэкономикалық одақ құру туралы келісімшартқа қол қоюға байланысты шетелдік дипмиссия өкілдерімен өткен брифингте.
"Қазақстанға келсек,біз ДСҰ-мен келісімге қол қоюға жақын қалдық. Біз бұл процестің жақын арада аяқталатынына сенгіміз келеді. Біз содан кейін Беларусьқа да бұл процестен өтуге көмек беруге дайынбыз. Өйткені, бұған дейін айтқанымдай, бұл біздің ортақ мүддемізге сай келеді ", - деп атап өтті министр.
Ол сонымен қатар ЕЭО–ны құру туралы келісім «одақтың әрбір мүшесінің өзінің сыртқы саясатында еркін болу бостандығын жоймайтынын,оған тыйым салмайтынын, кедергі келтірмейтінін, келісімге қол қойғанға дейінгі егемендігін сақтап қалатынын» атап өтті.