Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында Еуразиялық интеграция институты Экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов мәлiм еттi.
«ДСҰ-ға қосылудың нақты заңдық қадамдар бар. Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамасы 2015 жылдың 31 қазанына дейін Парламенттің ратификациясынан өтуі керек. Одан кейін отыз күннен соң Қазақ елі ресми түрде ДСҰ-ның 162-ші мүшесі атанады», - деп атап өттi ол.
Оның сөзiне қарағанда, Қазақстанның ДСҰ-ға енуi өте маңызды қадам болып табылады. Соның арқасында Қазақстанның экономикалық саясаты тұрақты әрi болжам жасауға икемдi бола түседi, деп есептейдi ол.
«Ең бастысы - отандық тауарлар үшiн сыртқы нарықта жақсы жағдайлар қарастырылады, халықаралық тетiктер арқылы сауда-саттық дауларды шешуге мүмкiндiк туады, сонымен бiрге инвестициялар көлемi артады», - деп жалғады Владимир Тельнов.