Caravan Logo

Қазақстан ДСҰ-ына кіру жөніндегі келіссөздерде елде шетелдік қаржылық ұйымдардың филиалдарын тікелей ашуға бес жылдық өтпелі кезеңді сұрап отыр - Айтжанова

Қазақстан ДСҰ-ына кіру жөніндегі келіссөздерде елде шетелдік қаржылық ұйымдардың филиалдарын тікелей ашуға бес жылдық өтпелі кезеңді сұрап отыр - Айтжанова

"Қазақстан сонымен қатар шетелдік банктер мен сақтандыру ұйымдарының филиалын құруға қажетті аналық ұйымдардың активтерінің ең төменгі көлеміне қойылатын талаптарды сақтап қалуды талап етуде. Бұл талаптар республиканың қаржылық рыногын шетелдік сенімсіз банктер мен сақтандыру ұйымдарынан қорғау мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс ", -деді Ж. Айтжанова.

"Сонымен бірге, Қазақстан шетелдік банктің филиалы Қазақстанның азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардан қабылдай алатын ең төменгі депозиттер көлеміне қатысты талапты да сақтауды сұрап отыр. Бұл талап отандық бөлшек банк қызметі рыногын сақтау, Қазақстандық банктер үшін қор базасын құру мен банк қызметін тұтынушыларды қорғауға септігін тигізуге тиіс", - деді вице-министр.