Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде ауыл шаруашылығын субсидиялауға қатысты келіссөздерді жалғастыруда

«Үкімет қазір аграрлық секторға мемлекеттік субсидия мөлшері бойынша күрделі келіссөздер жүргізуде», - деп ол бүгін сенатта парламент тыңдаулары барысында атап көрсетті.

Бұл келіссөздер таяуда қабылданған «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған субсидия мөлшеріне қатысты. Бұл келіссөздердің біздің ел үшін маңызы зор, өйткені біздің халқымыздың жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрып, жұмыс істейді, дейді ол.

Бұған дейін үкімет басшысы Серік Ахметов республиканың Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі аяқталу сатысында екенін, алайда бұл 2013 жылы болады деген сөз емес деп мәлімдеген еді.