Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас ассамблеясының вице-президенті болып сайланды

"Біз Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас ассамблеясының вице-президенті боламыз, ол міндетті еліміздің атынан министр атқарады, біз атқару комитетіне кірдік және ассамблеяны жүргізу құқығына ие болдық",- деді Темірхан Досмұхамбетов.

Бұрын хабарлағанымыздай, БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас ассамблеясының Колумбияда 23 - 29 қараша аралығында өткен 17-ші сессиясы барысында Астана Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас ассамблеясының 18-ші сессиясын өткізетін орын ретінде таңдалып алынған болатын. Сессия барысында сондай-ақ Қазақстанның Еуропалық аймақтық топ бойынша 2007-2011 жылдар аралығында БҰҰ құрылымындағы Дүниежүзілік туристік ұйымның атқарушы кеңесінің құрамына кіруі туралы шешім қабылданған болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанмен қатар бұл кеңеске Ресей, Италия және Франция да өткен. БҰҰ құрылымындағы ДТҰ - UNWTO БҰҰ құрамындағы маңызды ұйымдардың бірі болып табылады. Оған 154 мемлекет мүше.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті