Қазақстан экономика саласында Ресейден бір адым алда жүр - РФ Мемлекеттік думасының төрағасы

Б.Грызлов осындай "күрделі қадамдардың қатарында" Қазақстандағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын атады. Бұл бағдарламаны зерттеу "біздің осы бағыттағы жобаларымызға да кебір түзетулер енгізуге мүмкіндік береді",- деді ол.

Б.Грызловтың айтуынша, ол басқаратын "Единая Россия" (Біртұтас Ресей) партиясы "арзан тұрғын үй рыногын қалыптастыру жобасын жасаған. Жоба 27 заңнан тұрады".
Ал тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама Қазақстанда қазір талқыланып жатқаны белгілі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан халқына арнаған 2004-жылғы наурыз айындағы жыл сайынғы жолдауында Елбасы тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңаша мақсаттар мен көрсеткіштерді айқындап берген. Атап айтсақ, Елбасы ипотекалық несие беру өсімақысын төмендетуді, несиені қайтару мерзімін созуды, Тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ашқа банкі жүйесі бойынша несие беру шарттарын өзгертуді ұсынды. 31-мамырда тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі жаңа бағдарлама Қазақстанның Ұлттық кеңесінің екінші отырысында талқыланады.