Қазақстан экономикасы кәсіби әскерді асырауға дайын емес - Қазақстанның запастағы әскери қызметкерлер одағы

А.Есенғұловтың айтуынша, келісім-шарты негізінде жасақталған әскерді асырау үшін мемлекетке ауқымды қаржылық шығындарға баруға тура келеді. "Келісім-шарт негізінде әскери борышын өтеушіге офицердің жағдайымен бірдей әлеуметтік жағдай туғызу керек. Ал еліміздің қазіргі экономикалық ахуалы мұндай деңгейге көтеріле алған жоқ",- дейді А.Есенғұлов.

Сондай-ақ, А.Есенғұловтың пікірінше, келісім-шарт негізінде әскери борышын өтеуші 60 мың жауынгерден құралған әскер отанымызды кездейсоқ шабуылдан қорғай алмайды. Ал әскери борышты өтеу мерзімін 12 айға дейін қысқарту әскери қызметкерлері оқыту сапасына кері әсерін тигізеді.
Баспасөз мәслихатына қатысушылардың атап көрсеткеніндей, Қазақстанда әскери қызметкердің құқығын толыққанды қорғай алатын заң жоқ. Ал қолданыстағы заңдар айтарлықтай өзгерістер мен толықтыруларды талап етеді.