Елбасы Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық және Инновациялық қор сынды даму институттарының жалпы капитал қоры 1 млрд. доллардан асқанынын еске салды. "Бүгінде олар 2,5 млрд. доллардың 116 жобасын жинап отыр. Оның 75-і жүзеге асырылуда",- деді президент.
"Осындай бағытқа ден қоюдың арқасында биыл тұңғыш рет шикізат ресурстарына салынған инвестиция ауқымы 43 процентке, ал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция ауқымы 78 процентке өсті",- деді мемлекет басшысы. Елбасы сонымен бірге қазақстандық компаниялар биыл құрал-жабдықтарды импорттауға былтырғыдан 45 процент артық қаржы жұмсағанын хабарлады.
"Демек, елімізде шикізат секторынан өңдеу өнеркәсібіне, машина жасау саласына түбегейлі бетбұрыс жасалды. Бұл - аса күрделі іс",- деді мемлекет басшысы.