Қазақстан экономикасын долларсыздандыру туралы жоспар келесі аптада бекітіледі

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымызға қойған маңызды тапсырма - экономикамызды долларсыздандыру шаралары. Біз қазір осы төңіректегі жұмысты аяқтап қалдық және келесі аптаның басында-ақ Үкіметпен бірлесе отырып, экономиканы долларсыздандыру бойынша ортақ жоспарды бекітеміз», - деп атап өтті ол.

ҰБ төрағасының айтуынша, бұл шаралар ортамерзімдік сипатта болады және теңгеге қатысты нормалық-құқықтық базаларда біраз өзгерістер орын алады.