"Алда әлі де көптеген сұрақтар бар. Халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдай әлі де сол күйінде қалып отыр, қандай да сарапшы, немесе халықаралық институт нақты болжам айта алмайды", - деді Б. Сұлтанов. "Бірақ, дегенмен, экономика дайын болуға тиіс деп санаймын. Біз өзіміздің шалымды қимылдарымызбен осындай жағдайларға дайын екендігімізді дәлелдедік", -деді ол.
"Биыл біз бірқатар жүйелі шараларды қабылдадық, олар осындай кешенді түрде келесі жарты жылдықта біз сенімді әрі сапалы өсуді одан әрі жалғастырамыз деген сенімді күшейте түседі", - деді министр.