Қазақстан экономикасындағы Қытай экспансиясы туралы сөз шындыққа сәйкес келмейді

«Қоғамға белгісіз ешқандай құпия бағдарламаның (Қытайдың ҚР-дағы инвестициялары бойынша - ҚазТАГ), жерді қытайлық компанияларға беру буралы ешқандай бағдарламаның жоқ екені туралы жауапкершілікпен мәлімдеймін... заң бойынша мұны жасау мүмкін емес. Бұл – принципиалды ұстаным және ол өзгермейді», - деді К. Мәсімов жұма күні zakon.kz сайтындағы онлайн-конференцияда пайдаланушылардың сұрақтарына жауап бере отырып.

Үкімет басшысы бұл тақырыптың бұрыннан көтеріліп, оған саяси мән беріліп келгенін және ол біреулерге тиімді болуы мүмкін деген болжам айтты.

«Қазақстан - өзінің ұлттық мүдделері, ұлттық бизнесінің мүдделері бар тәуелсіз мемлекет», - деді К. Мәсімов.

«Біз әлемдік экономикадан тыс өмір сүре аламыз ба? Әрине, жоқ. Сондықтан да біз сауданы дамыту, инвестицияларды тарту бойынша көпвекторлы саясат жүргізуге тиіспіз», - деді премьер.

Оның айтуынша, ҚР-дағы ең ірі инвестор - АҚШ, ең ірі сауда әріптесі - Еуропа одағы. «Қытай да маңызды орын алады, бірақ біз бәрін тең ұстауға тиіспіз және бірінші кезекте, ДСҰ, КО және т.с.с. нормалары бойынша қазақстандық бизнеспен ықпалдастық призмасы арқылы өтуге тиіспіз», - деді ол.