Қазақстан экономикасының ауылшаруашылығы саласының бизнес жүргізудегі тартымдылығы артты - ҚР СІМ

СІМ орынбасары отырысқа қатысушылардың назарын Әлемдік банктің бағалауынша, Қазақстанның ауылшаруашылығы саласы инвестициялардың тиімділігі жағынан мұнай өндіруден кейін екінші орында екендігіне аударды. Оның айтуынша, кейінгі бес жылда ауылшаруашылығына жұмсалған инвестициялар өсімінің қарқыны 2 еседен аса өскен.