Бұл туралы бүгін, 10-тамызда Германия экономикасының шығыс комитетінің төрағасы Клаус Мангольд Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.
Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық нәтижелері мен қарым-қатынасты одан әрі дамыту перспективаларына баса назар аударылды. К.Мангольдтің айтуынша, "2004-жылдың 1-тоқсанында екі ел арасындағы тауар айналымы жоғары қарқынмен өсіп келеді". Атап айтсақ, Қазақстанның мұнайгаз саласына арнап германиялық жабдықтар, ауылшаруашылығы техникасы мен автокөліктер сатып алу жолға қойылды.
Сондай-ақ, кездесуде "мұнайгаз саласындағы ауқымды жобалар, тыңайтқыштар, аммиак және басқа да өнімдер шығару саласындағы жобалар" талқыланды, деді К.Мангольд. Оның айтуынша, аталмыш жобаларды жүзеге асыру үшін Германия жағы ҚР индустрия және сауда министрлігімен және инвестициялар жөніндегі агенттігімен белсенді келіссөздер жүргізбекші.