Қазақстан ЭКСПО-ға қатысуға 140-қа жуық елге шақырту жіберді

Бұл туралы бүгін аталған халықаралық көрме қатысушыларының жиналысында «Астана ЭКСПО-2017 ҰҚ» АҚ халықаралық қатынастар департаментінің директоры Нұрбек Ергешбаев мәлім етті.

"Біз 136 елдің басшылары мен премьер-министрлеріне тамыз айында шақыртулар жіберілген болатынбыз және жақын арада олардан жауап күтудеміз", - деп тоқталды ол.

Бұл тұрғыда Н.Ергешбаев шақырту хаттарына Президент пен Премьер-Министр қол қойғандығын айта келе, осы орайда түрлі елдердің көрмеге қатысуы Қазақстан үшін маңызды екенін жеткізді.

Оның айтуынша, энергетика мәселелері бойынша жұмыс істейтін халықаралық ұйымдарды тарту аясында тиісті шаралар атқарылуда.

"Сонымен қатар басқа да құрылымдарды шақырамыз. Қазіргі кезде 12 шақырту жіберіп, оның екеуінде қатысуға ниеттілер тарапынан қолдау хаттар келді", - деп тоқталды департамент директоры.

Сөз соңында Н.Ергешбаев бүгінде Қазақстанның шетелдердегі елшіліктері, сондай-ақ Астанадағы өзге елдердің елшіліктері желісі бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатқандығын айтты.

"Олардың көпшілігімен біз кездесулер жүргізіп, бұл елдердің көрмеге қатысуы тұрғысындағы мәселелерді талқыладық", - деді ол.

Ғылым мен бизнестің ұштасуы климаттың өзгеруімен күрес тиімділігі мәселелерін шешуге қабілетті.

"Экономика энергия қамтылымдығын төмендету үшін ғылым нанотехология мен жасыл химия компоненттері негізінде жаңа, ұзақмерзімді, жеңіл материалдарға көшуді ұсынады. Ғылым мен бизнестің ұштасуы инновациялық серпінді қамтамасыз ететіндігі, климаттың өзгеруімен күрес тиімділігі мәселелерін шешуге жәрдемдесетіндігі, энергия тиімділігін арттыра түсетіндігі сөзсіз", - деді Т.Ермегияев.

Сонымен қатар ол форум аясында климаттың өзгеру проблемалары, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік, шығарындыларды төмендету жобаларына инвестиция құю, қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері кеңінен талқыға түсетінін баса айтты.

ЕХРО-2017 көрмесін тамашалауға келетін Қазақстан туристерінің санына шектеу болмайды. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.

"ЕХРО тек қана халықаралық ғана емес, сонымен бірге ұлттық жоба. Өйткені, біздің пайымдауымызша, көрмеге келетін қонақтардың 80 пайыздан астамы Қазақстанның ішкі туристері болады. Біздер олардың елордаға келуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Ішкі туристердің көрмеге келуіне еш шектеу болмайды. Керісінше, барлық жағдай жасалып, еліміздің өңірлерінен келетін қонақтарды қабылдап алуға дайынбыз.", - деді Т.Ермегияев БАҚ өкілдерінің сауалына орай.


Естеріңізге сала кетейік, алдын ала болжамға сәйкес, 2017 жылы елорда төрінде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне 5 миллионға жуық турист келеді деп күтілуде. Оның шамамен 15 пайызын - шетелдіктер, ал 85 пайызын ішкі туристер құрамақ.

10-ға жуық мемлекеттің ЭКСПО-ға қатысатындығын нақтылады. Бұл туралы  "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары - ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

"Біз Мемлекет басшысының атынан дипломатиялық арналар арқылы ЭКСПО-ға қатысу үшін 140-тан астам елге шақыртулар жібердік. Сонымен қатар 12 халықаралық ұйымға шақырту бағытталды. Қазіргі кезде бұл елдердің қатысуы бойынша келіссөздер үдерісі жүріп жатыр. Мен көрменің комиссары ретінде ЭКСПО-ға қатысу тұрғысындағы келісімдер бекіту бойынша өзімнің сапарларымды бастадым. 10-ға жуық мемлекет қатысатындығын нақтылады", - деп тоқталды комиссар.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы жылы "ЭКСПО-2017"-ға елдердің қатысуы бойынша келісімдердің басым бөлігі бекітілетін болады.

"Кешеден бері Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысушылардың жиналысына 86 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Бұл өз кезегінде әлем елдерінің Қазақстандағы ЭКСПО-ға үлкен қызығушылықпен қарап отырғандығын байқатуда. Бұл үдеріс алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын", - деп атап өтті Р. Жошыбаев.

Комиссар алдағы жылы 80-нен астам елге сапармен баратындықтарын, олардың көрмеге қатысуы бойынша қолдау алатындығын, сондай-ақ 2016 жылы 30-35 елге сапармен баруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.