Қазақстан экспортының басым бөлігі оффшорлық аймақтардың үлесінде

2003-жылы Қазақстаннан шығарылған жалпы экспорттың 15,2 проценттік үлесі Ресейге бұйырса, Қырғызстанға - 1,2%, Өзбекстанға - 1%, Швейцарияға - 13%, Қытайға - 12,8% үлес тиді. Ал Қазақстан экспортының 4,7 проценті Виргиния аралдарының үлесінде.

Жалпы алғанда, 2003-жылы Қазақстан мен Бермуд аралдары арасындағы тауар айналымы 2,192 млрд. долларды, немесе жалпы тауар айналымының 10,2 процентін құраса, Виргиния аралдарының үлесіне республианың жалпы тауар айналымының 3,1 проценті немесе, 659,5 млн. доллары, Ресейге 25,2 проценті немесе, 5,36 млрд. доллары тиді.