"Біз энергетика және азық-түлік салаларында дүниежүзінде маңызды роль атқара аламыз", -деп мәлімдеді ол бүгін жетінші Еуразиялық медиафорумның ашылуында.
"Қазақстанның қуат көздерін әлемдік нарыққа шығарудың келешегі зор. Бұл белгілі жайт. Біздің еліміз астық пен ұн өндіру жағынан әлемдік деңгейде алға шықты", -деді мемлекет басшысы.
Оның пікірінше, мал шаруашылығы саласында, "соның ішінде экологиялық және генетикалық таза өнімдер өндірісінде" ұлығаусар мүмкіндіктер ашылып отыр. "Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторы инвестицияларға аса тартымды салаға айналды", - деді Н. Назарбаев.