Қазақстан ЭСКАТО-ның СПЕКА бағдарламасын жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды

"Біз СПЕКА аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінің Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы мен ЭСКАТО-ға мүше елдердің Азия-тынық мұхиты бизнес форумының күн тәртібінде айрықша орынға ие болғанына қуанамыз",- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, Орталық Азия елдерінің географиялық ерекшелігі - олардың құрлықтың терең кіндігінде орналасуы болмақ. "Қазақстан әлемдегі мұхитқа шығар жол жоқ ең ірі елдердің бірі ретінде түрлі транзиттік-транспорттық құбыр жобаларын жүзеге асырудан мүдделі және оларды қолдауға дайын",- деді мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, "теңізге шығар жол жоқ дамушы елдердің Алматы іс-қимылдар бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аудару қажет". "Орталық Азия мен АСЕАН елдері арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін АСЕАН+Орталық Азия саяси және экономикалық диалогын құру орынды болар еді",- деді Н.Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті