"Үстіміздегі жылдың маусым айында Жерге қашықтан зонд жүргізуге арналған спутникті жасау бағытында Қазақстанмен бірлесе жұмыс істейтін компанияның аты-жөні жария етіледі. Ол екі жылдан кейін жасап шығарылады",- деді бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов.
"Каспий теңізінің елімізге қарасты бөлігінде 3Д сейсмикалық зерттеулерін жүргізу үшін 2 млрд. доллар қажет. Ғарыш бұл істі анағұрлым аз шығынмен іске асыруға мүмкіндік береді",- деді үкімет басшысы.
"Ағымдағы жылдың екінші жартысында-ақ біз Ресейдің немесе АҚШ-тың ғарыштық мүмкіндіктерін пайдаланып тиісті бағдарламалары бар жетекші ғалымдармен тиісті келісімдерге қол қойып, Каспий теңізінің кейбір аса маңызды бөліктерінде тиісті зерттеулерді жүзеге асырамыз",- деді Д.Ахметов.