Қазақстан Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесін "Достық" орденімен марапаттады

"Біз сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы, соның ішінде Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары процессі аясындағы қарым-қатынасты нығайту үшін қандай еңбектер атқарып жатқаныңызды білеміз",- деді Н.Назарбаев сыйлықты ұсынып тұрып.

Тан Цзясюань Қазақстанның Елбасына рахметін айтты. "Мен үшін осыншалықты жоғары марапатқа ие болу үлкен мақтаныш, бұл Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы терең достықтың көрінісі. Мен Қазақстан мен Қытай елінің ынтымақтастығын ары қарай нығайтуда және Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары процесінің алға басуына өзімнің барлық күшімді салуға дайынмын", - деді Қытайдың Мемлекеттік кеңесінің мүшесі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті