Қазақстан Елбасы Қырғызстан президентін мерейтойымен құттықтады

"Тәуелсіздік жылдарында өзіңіз басқарған Қырғызстан экономикалық және саяси салада айтарлықтай табыстарға қол жеткізді". "Республика аймақтық қауіпсіздікті, сондай-ақ, экономикалық интеграцияны нығайту және дамыту ісінде сенімді әріптес болып табылады",- деді Н.Назарбаев.

Қазақстан Елбасы А.Ақаевтың бай өмірлік тәжірибесі мен білімі "бауырлас Қырғызстанның одан әрі дамуы мен екі жақты қарым-қатынасты дамытуға бұдан былай да қызмет ете береді" дегенге сенім білдірді.
А.Ақаевты туған күнімен құттықтаушылар қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен басқа да бірқатар мемлекет басшылары бар.