Салтанатты шараға ҚР Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетов бастаған қазақстандық мәртебелі делегация мүшелері, Азиялық Олимпиада Кеңесінің басшылығы мен Кувейтте орналасқан шетелдік дипломатиялық корпус қатысты.
Министр Т.Досмұхамбетов келген қонақтардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін Қысқы ойындардың өткізілуі маңызды тарихи шара болып есептелетінін және тәуелсіз мемлекет тарихында өшпес із қалдыратынын ерекше атап өтті. «Біздің республикамыз үшін Азиялық қоғамдастықтың құрлықтық жарыстарын өткізу құқығына ие болу Олимпиада тарихындағы қазақстандық жолдың бастамасы болып саналады», - деді ол. Министр штаб-пәтері әл-Кувейт қаласында орналасқан Азиялық Олимпиада Кеңесіне екі ел арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі мен Қазақстанның Қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Министр Т.Досмұхамбетов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың әл-Кувейтке 1997 жылғы ресми сапары кезінде негізі қаланған Қазақстан мен Кувейт арасында екіжақты қарым-қатынастардың екпінді дамып келе жатқанын айта келіп, биылғы жылы жоспарланған Астанаға Кувейт Әмірі Сабах әл-Ахмад ас-Сабахтың алғаш мемлекеттік сапары екі дос ел қатынастары тарихында маңызды оқиға болып саналып, оларды жаңа сапалы деңгейге көтеретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің Президенті, Кувейт Премьер-Министрінің экономикалық мәселелер бойынша орынбасары, даму жөніндегі Мемлекеттік министрі шейх Ахмед әл-Фахд ас-Сабах Қазақстандағы VII қысқы құрлықтық ойындарды өткізуге дайындығын жоғары бағалады. АОК Президентінің ойынша, бұл маңызды шара Қазақстанның жоғары жетістіктер спортына бағытталған ел ретінде жаңадан танылуын атап өтті.
Баршамызға мәлім, 2007 жылдың мамырында Астанада Азиялық Олимпиада Кеңесінің Президенті шейх Ахмед әл-Фахд ас-Сабах Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты Азия құрлығында спортты дамытуға сіңіргіен еңбегі үшін ең жоғарғы орденмен марапаттаған болатын.
Қонақтардың алдында қазақстандық эстраданың жұлдыздары Майра Мұхамедқызы, Қарақат Әбілдина, «Ұлытау» тобы, «Сазген сазы» фольклорлық ансамблі, «Гүлдер» би тобы өз өнерлерін көрсетті.