Марапаттау туралы жарлыққа С.Ниязов 2003-жылдың 27-желтоқсанында қол қойды. Құжатта А.Жұмабаевтың "бейтарап Түрікмен мемлекеті мен бауырлас Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту және нығайтуда қосқан" елеулі үлесі атап көрсетілген.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған болатын.