Қазақстан елшісі Израиль президентіне сенім грамотасын тапсырды

Рәсім аясында болған әңгіме кезінде қазақстандық дипломат Израиль басшысын бүгінгі Қазақстанның дамуы, елдің сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстан-израиль ынтымақтастығын белсендету бойынша қойған міндеттер жайында хабардар етті. Екі елдің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі аясындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығы айрықша атап көрсетілді.

Израиль президенті Қазақстанның қазіргі әлемдегі артып келе жатқан ролін, елдің даму қарқынын таңданыспен атап өтті. Израильдің екіжақты қатынастардың барлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әзір екені айтылды.