Кездесу барысында Қазақстандық елші мен Монғолия президенті екі жақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағы туралы сөз қозғады.
Қазақстан елшісі сондай-ақ, Монғолия парламенті- Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдың төрағасы С.Төмөр-Очирмен, үкімет басшысы Н.Энхбаярмен, сыртқы істер министрі Л.Эрдэнэчулуунмен және қорғаныс министрі Ж.Гүррагчаамен кездесті.
Жүздесу барысында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан-Монғолия үкіметаралық комиссиясының жұмысын қайтадан жандандыру, сондай-ақ, Монғолияда тұратын қазақ диаспорасының проблемалары туралы талқыланды. Монғолия жағы тау-кен , көлік, туризм және инфрақұрылымдық құрылыстар салу саласына Қазақстаннан инвестиция тартуға айрықша қызығушылық танытты.