Қазақстан елшісінің пікірінше, аталмыш келісімнің күшіне енуі нәтижесінде жаппай қырып-жоятын қару-жарақты таратпаудың ғаламдық режимін нығайтуға кепілдік болады.
Өз сөзінде Р.Әлиев ядролық қару таратпау тәртібін нығайту мәселесі бойынша Қазақстан ұстанып отырған позицияны ортаға салды. Онда Қазақстанның Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру жөніндегі келісімге жеделдетіп қол қоюды жақтаушы ел екені ерекше аталды. Өйткені, мұндай аймақ құру тек осы өңір үшін ғана емес, сонымен бірге, дүниежүзіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде айрықша маңызды оқиға болатыны анық.
Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу жөніндегі Келісімді күшіне енгізуге ықпал жасау жөніндегі халықаралық конференция қыркүйектің 3-5-жұлдызында Венада өткен болатын. Оған дүниежүзінің 100-ден астам елінің халықаралық ұйымдардың жанындағы тұрақты өкілдіктері мен сыртқы саясат ведомстволарының басшылары қатысты.
БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан конференцияға қатысушыларға арнап өз атынан жолдау жіберді.