Қазақстан елшісі Сеулде Кореяның құрылысшылар қауымдастығының төрағасымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Корея жағы осы елдің компаниялары Астана мен Алматыда салып жатқан көпфункционалды тұрғын үй кешендерінің саны біршама артатындығына сенім білдірді. Ли Ен Гу қазақстандық әріптестерімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Д.Бекішев Корея жағына экономиканы дамытудың кластердің моделіне ден қойған Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы әңгімелеп берді.

Кездесу барысында Кореяның құрылысшылар қауымдастығының төрағасын елші потенциалдық ынтымақтастық жобаларын зерттеу үшін Қазақстанға таныстық сапармен келіп қайтуға шақырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазірде Кореяның құрылысшылар қауымдастығы шетелдерде кәсіби іс-қызметпен айналысатын 400 компанияны біріктіреді. Ол 1976-жылы құрылған. Осы уақыттан бері кореялық мердігерлер әлемнің 96 елінде жалпы құны 200 млрд долларды құрайтын 5 мыңдай жобаны игерген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті