Сенім хатын табыс ету рәсімінен кейінгі сұхбат барысында тараптар екі жақты байланыстардың оң сипатта дамып келе жатқанын атай отырып, қазіргі әлеуетті түрлі саладағы ынтымақтастықтарды одан әрі тереңдету мақсатында пайдалануға ниет білдірді.
Қ.Әбусейітов Ж.Дайсс пен Швейцария халқына Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан игі тілектерін жеткізді.
Бұған дейін Қазақстан елшісі Женевадағы халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілінің сенім хатын БҰҰ бөлімінің бас директоры Сергей Орджоникидзеге табыс еткен. Кездесу барысында елшілер республиканың халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына қатысты проблемаларды талқылап, 2005-жылы БҰҰ-ның 60-жылдық мерейтойы аясында өткізілетін шаралар төңірегінде пікір алмасты.