Қазақстан елшісі Жапония императорына сенім грамотасын табыс етті

Жапония билеушісінің ресми резиденциясы - император сарайында өткен рәсімнен кейін меймандос ауанда сұхбат болып өтті", - деп хабарлайды СІМ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сұхбат барысында император Акихито "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ыстық сәлемін жеткізіп, оған зор денсаулық, ал Қазақстан халқына әріқарайғы гүлдену, бейбітшілік, бақыт пен ырыс тіледі".

Бұған қоса баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жапон билеушісі қазақ елшісіне екі елдің көп жақты ынтымақтастығын дамыту миссиясын атқаруда табыс тіледі".