Қазақстан ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға ие -Тәжин

"ЕҚЫҰ-ның әлеуеті жоғары. ЕҚЫҰ алдында тұрған мақсаттарды шешуге қажетті сенімді құралдарға біз де иеміз", - деді М. Тәжин.

Оның айтуынша, "Қазақстан қазір ЕҚЫҰ 2010 жылы төраға болу функциясын атқаруға белсене әзірленуде". "Біз бірқатар ұйымдастырушылық қадамдарды жасадық", - деді министр.

"Біз ЕҚЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті сақтауға қолдау көрсететін бірегей диалог алаңы ролін одан әрі атқара беруге тиіс", -деп мәлімдеді ҚР СІМ.

"Біздің ортақ мақсатымыз - қазіргі заманғы қауіп-қатерлер ұлғая түскен сәтте ұйымды қуатты әрі тиімді болдыра түсу", - деді М. Тәжин.

"Қазақстан ЕҚЫҰ-ның халықаралық сахнадағы, соның ішінде біздің өңірдегі ролі мен ықпалын көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады", -деді министр.