Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ролінде ұйымға мүше мемлекеттердің сенімін ақтайды - Назарбаев

Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін шетелдік инвесторлар кеңесінің 18-ші отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сіздер атынан келіп отырған мемлекеттер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болуы жөніндегі шешімді қабылдаған кезде біз қол жеткізген көрсеткіштерді ескерді және сіз бен біздің бірлесе атқарғалы отырған шаруаларымызда да ескерді деп ойлаймын",- деді Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларға қаратып айтқан сөзінде.

"Біз оған ризамыз және бізге көрсетілген осынау сенімге, осынау талапқа сай келуге тырысатын боламыз", - деді ол.

"Біз осы кеңестің жұмысын тұрақты даму институтының үлгісі ретінде таныстыра аламыз деген сенімдемін, өйткені, біздің ортақ мақсатымыз - адамдар өмірінің сапасын көтеру",- деді президент. "Бүгінгі отырыстың нақты нәтижесі - қоршаған ортаның ахуалын жақсартуға, болашақ ұрпақ үшін Қазақстанның теңдесі жоқ табиғатын сақтап қалуға бағытталған нақты шешімдер мен шараларды дәйектеу болмақ", - деді мемлекет басшысы.

Оның бағалауынша, Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, әлеуметтік және экологиялық проблемалардың да талқылануы "айрықша атап өтерлік" оқиға болмақ. "Сіздердің тәжірибелеріңіз бен нұсқауларыңыз саясатымызды қалыптастыруда маңызды роль атқаратын болады", -деді президент.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті