"Қазақстан ЕҚЫҰ-ның жоғары стандарттарын сыйлайды. Оны біздің республика жақтайды. Бірақ суық соғыс кезеңіндегі стереотиптер бұрынғысынша сақталып отыр. Біз оларды артта қалдырып, мүше мемлекеттер арасындағы түсіністік пен сенімді нығайту үшін бар мүмкіндікті жасауымыз қажет. Себебі ЕҚЫҰ - тең құқық пен тең мүмкіндіктер форумы",-деп атап өтті СІМ.
"Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төраға болуға әбден лайықты. Біз 2005 жылы Люблянада қабылданған жол картасына реформа жүргізіп алғашқы қадам жасадық. ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының ұсыныстарына сәйкес сайлау заңына өзгертулер енгізілді, жергілікті өз-өзін басқару органдарына реформа жасалды. Ең маңызды қадам-ол БАҚ туралы заң реформасы, қазіргі кезде заңы шығарушы органның талқылауында",-деді Қ.Тоқаев.
"2007 жыл демократиялы және азаматтық қоғам құру стратегиясын орындауда Қазақстан үшін маңызды жыл болмақ, бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев, қосымша мәлімдеме жасайды",-деді Қ.Тоқаев. Біз мүше мемлекеттермен көп мәселе бойынша ой бөлісе аламыз және ЕҚЫҰ аясында көптеген құнды артықшылықтарға иеміз".
Қазақстан төрағалық ету барысында ЕҚЫҰ-ның маңызды күн тәртібін ретке келтіруді, және Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті нығайтуды көздеп отыр. Этникалық және мәдениетаралық қарым-қатынасты реттеуде Қазақстанның тәжірибесі мол, осы тәжірибесін төрағалық еткен кезде жүзеге асыруға мүмкіндік алар еді.
"Біз нәтижелі жұмыс істеу үшін нәтижелі ұйымды қолдаймыз, деп атап өтті ҚР СІМ басшысы. ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің бәрі теңдік принциптеріне сүйене отырып Қазақстанның пайдасына шешім қабылдайды".
Қ.Тоқаев сөз соңында Еуропа және ТМД елдеріне қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті