Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс - Елбасы



"Біз ғылыми-инновациялық салада жарып алға шығуға тиіспіз. Еуразиялық кеңістікте осы саладағы көшбасшылардың бірі болуымыз қажет",- деді президент.

"Біз қазір Қазақстанда әлемдік жетекші елдер жақындап қалған экономикалық модельді құруға тиіспіз",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев. "Сондықтан да күн тәртібінде елімізді "білім экономикасына" көшіру мәселесі тұр",- деп қосты ол. "Қазақстан үшін бұл "мемлекеттердің ұлы көшінің шаңын қауып артында қалмаудың жалғыз жолы",- деп санайды президент.

"Біздің алға қойған асқаралы мақсатымызға заманауи ғылымды дамытпайынша, ғылыми зерттеулердің қуатты базасын құрмайынша, заманауи технологиялар мен инновацияларсыз қол жеткізу мүмкін емес",- деп атап өтті мемлекет басшысы.