"Қазақстанның ДСҰ кіруі:саралау және баға беру" атты "дөңгелек үстел" барысында Ж.Айтжанова : "Еуроодақ елдерімен арадағы келіссөз барысында үлкен ілгерілеу байқалады.Мүмкін біз ЕО келіссөзді келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқтайтын болармыз",-деді.
Вице -министрдің айтуына қарағанда, Еуроодақ қазақстандық телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығына қызығушылығын танытқанын аңғартқан. Бүгінде бұл нарықта халықаралық және қаларалық байланыс қызметін көрсетуде шетелдік капиталдың қатысуына 49 пайыздық шектеу қойылған. "Бұл аталған нарықтың экономикалық ең тиімді тұсы, дәл осы шектеуді алып тастау үшін немесе осы шектеуді алып тастауға өту кезеңі туралы ЕО және АҚШ пен келіссөздер жүргізіп жатырмыз",-деді Ж.Айтжанова.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ЕО тарапынан келіссөз жүргізушілер республикада "шетел банктерінің тікелей бөлімшелерінің және сақтандыру ұйымдарының" қандай талаптарға сай ашылатындығына қызығушылық танытуда. "Яғни біз осы келіссөздер аясында аталған бөлімшелерді ашудың өтпелі кезеңін және нақты талаптары жөніндегі мәселені қарастырудамыз",-деп атап өтті вице министр.
"Соңғы екі жыл ішінде ЕО арада жүріп жатқан келіссөз аясындағы тағы бір негізгі мәселе , ол шетелдік менеджерлер мен мамандардың біздің еңбек нарығында жұмыс істеу шарттары тұрғысында", деді Ж.Айтжанова.
"Мәселе елде қызмет көрсетіп жатқан шетел компанияларының біздің елге келіп жатқан шетелдік мамандар мен жұмысшыларға қатысты болып отыр", деді ол.
Вице министрдің айтуынша, бүгінгі таңда келіссөзге қатысуышлар осы мәселе бойынша Қазақстанға қолайлы шешімге келді. Осыған байланысты Қазақстан "шетелдік жұмысшылардың келуін реттеудің жеңіл әдісін"енгізуді ойластыруда, дейді Ж.Айтжанова.
Сөз соңында, вице-министр қазіргі кезде Қазақстанның ДСҰ кіру туралы Швейцариямен арадағы келіссөздің аяқталғанын айтты. Бір ай көлемінде Малайзиямен келіссөздер аяқталады деп жоспарлануда, деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті