Р.Экеустің журналистерге хабарлауынша, ҚР СІМ-мен кездесуде ұлтаралық қарым-қатынасқа қатысты бірқатар мәселелер сарапқа салынған. "Жүздесуде Қазақстанға және Орталық Азия аймағы елдеріне қатысты мәселелер талқыланды. Мен Орталық Азия аймағы елдеріне қатысты жұмыс жоспарыммен бөлістім. Өз кезегінде Қазақстан сыртқы істер министрі республиканың ұлтаралық қарым-қатынас саласы бойынша жүргізіп отырған саясатынан хабардар етті",- деді Р.Экеус.
Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық жасау туралы талпынысына тоқталған жоғарғы комиссар "мұндай мүмкіндік , әрине, бар. Бірақ ол оңайға түспейді",- деді . "Қазақстан өзіне мұндай рольді жүктеп алса, біз оған сөзсіз қуанатын боламыз және жан-жақты қолдаймыз",- деді Р.Экеус.