Қазақстан Еуропалық одақтан ғарыштық жобаны жүзеге асыруға қатысу туралы ұсыныс алды

"Галилео" жобасы - мейлі авиация, мейлі теңіз немесе жер үсті транспорты болсын, барлық транспорт салаларында навигациялық шараларды жүзеге асыруға арналған спутниктер жобасын жасау саласындағы тың қадам болмақ",- деді К.Юль.

Оның айтуынша, жобаға қатысушылардың арасында Еуропалық Одақ елдерінің сыртында Үндістан мен Қытай да бар. "Жоба АҚШ пен Ресейдің тиісті жүйелерімен үйлесім табатын болады",- деді ол. 2007-жылдың басынан жүзеге асырыла бастайтын жоба құны, Еуропалық Одақ директоратының бөлім бастығының айтуынша, 22 млрд. евроны құрайды.
Ал ҚР көлік және коммуникация министрлігінің транзиттік саясат және сыртқы байланыс департаментінің директоры Рүстем Жұматаевтың түсініктемесі бойынша, Еуропалық Одақтың ұсынысы "бірінші кезекте республикада аэронавигация саласын дамытуға пайдалы". Сонымен бірге Р.Жұматаевтың айтуынша, "бұл ұсыныстың бір артықшылығы сол, Қазақстанда теңіз транспорты мен халықаралық автотасымалды дамытуға ықпалын тигізеді".